Басты бет Ақпарат ағыны Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2025 жылдың 1-тоқсанындағы аудиторлық қорытындылары

Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2025 жылдың 1-тоқсанындағы аудиторлық қорытындылары

0
390

Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2025 жылғы 1-тоқсанындағы аудиторлық қызметінің қорытындылары» туралы  Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Қуаныш Есенаманов мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, 2025 жылдың 1-тоқсанында Тексеру комиссиясы Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасына сәйкес «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» және оған бағынысты 6 мекемеде аудит жүргізді. Қаралған кезең — 2021 жылдың 1 қаңтарынан 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімде аудиторлық іс-шаралар жүргізілді.
Аудит барысында 15 136 957,0 мың теңге   көлеміндегі қаражат қамтылып, нәтижесінде 1 937 061,6 мың теңге көлемінде заңбұзушылықтар анықталды. Оның ішінде:
•    1 508 040,4 мың теңге — қаржылық бұзушылықтар;
•    428 844,4 мың теңге — тиімсіз жоспарланған;
•    176,8 мың теңге — тиімсіз пайдаланылған қаражат.
Анықталған қаржылық бұзушылықтар 2 132,2  мың теңгесі өтеліп, 13 609, 4 мың теңге есепке қайта енгізілді. Сонымен қатар, 5 материал құзырлы органдарға жолданып, жауапты 9 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында Тексеру комиссиясы                50 475, 5 мың теңгені бюджетке қайтару, 1 441 823, 3  мың теңге сомасындағы мүлікті бухгалтерлік есепке алу және жауапты тұлғаларға шара қолдану жөнінде нұсқама берді.
Қуаныш Есенаманов атап өткендей, тексеру комиссиясы мемлекеттік қаражаттың тиімді әрі заңды пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатындағы жұмысын жүйелі түрде жалғастырады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы: «Қазіргі таңда жастар арасында Қазақстан өрлеу кезеңіне қадам басты деген пікір бар. Жас буын өкілдері жаңа қоғамдық этиканы, креативті индустрияны дамытуға зор үлес қосуда.

Әлем елдері қазіргі қазақ өнерін ерекше құбылыс деп бағалайтын болды. Кино саласы да дамып…