«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы аясында Ұйғыр аудандық Отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен аудандық Аналар кеңесінің қатысуымен «Қауіпсіз отбасы: сенім, сыйластық, жауапкершілік» тақырыбында пікір алмасу алаңы өтті. Іс-шара барысында отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасылық құндылықтарды сақтау және нығайту, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін арттыру, отбасы мүшелері арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды. Кездесуге қатысушылар отбасыдағы татулық пен тұрақтылықтың маңыздылығына тоқталып, зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол бермеу, қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсету және қоғамда өзара көмек пен сенім мәдениетін қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, бала тәрбиесінде ата-ананың жеке үлгісі, отбасындағы психологиялық ахуал мен үлкендердің жауапкершілігі ерекше маңызға ие екені айтылды. Өйткені бала үшін отбасы – адамгершілік қасиеттер мен өмірлік құндылықтар қалыптасатын алғашқы орта. Пікір алмасу алаңының негізгі мақсаты – қоғамда зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын орнықтыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және әрбір отбасы мүшесінің қауіпсіздігі мен құқығын қорғаудың маңыздылығын насихаттау. Қауіпсіз отбасы – сыйластық пен сенімге, ал берекелі қоғам өзара жауапкершілік пен адамгершілікке негізделеді. Сондықтан отбасындағы татулықты сақтау мен зорлық-зомбылықтың алдын алу – барша қоғамға ортақ міндет.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Зорлық-зомбылыққа жол жоқ: қауіпсіз қоғам – ортақ жауапкершілік
Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы ең алдымен адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуына, … -
Зорлық-зомбылықсыз қоғам – қауіпсіз болашақ кепілі
25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында әлемнің көптеген елдерінде жыл сайын өткізілетін «Зо… -
Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес – ортақ міндет
«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн» халықаралық акциясы аясында Ұйғыр аудандық Жаста…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
Зорлық-зомбылыққа жол жоқ: қауіпсіз қоғам – ортақ жауапкершілік
Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы ең алдымен адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуына, …
