Басты бет Ақпарат ағыны Е-Өтініш – азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді байланыс құралы

Е-Өтініш – азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді байланыс құралы

0
38

Қазіргі таңда азаматтардың өз мәселелері мен ұсыныстарын мемлекеттік органдарға жеткізуі үшін заманауи мүмкіндіктер кеңінен қолданылуда. Соның бірі – «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі.

Аталған жүйе арқылы тұрғындар үйден шықпай-ақ мемлекеттік органдарға өтініш, арыз немесе ұсыныстарын электронды түрде жолдай алады. Сонымен қатар өтініштің қаралу барысын бақылап, нәтижесімен танысуға мүмкіндік бар.

«Е-Өтініш» жүйесі азаматтардың уақытын үнемдеп қана қоймай, мемлекеттік органдармен байланысты жеңілдетуге және өтініштерді қарау үдерісінің ашық болуына ықпал етеді.

Сондықтан тұрғындарды өздерін толғандырған мәселелер бойынша «Е-Өтініш» жүйесінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға шақырамын. Бұл – азаматтардың өтініштерін тиісті мемлекеттік органдарға жедел әрі ыңғайлы түрде жеткізуге мүмкіндік беретін маңызды цифрлық құрал.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

26 қыркүйек күні сағат 19:00-де ERTIS PROMENADE 2026 шығармашылық маусымының жабылуы өтеді.

Маусымның қорытынды кеші танымал қазақстандық және шетелдік өнерпаздардың қатысуымен өтеті…