Ұйғыр ауданындағы әл-Фараби атындағы аудандық кітапхананың абонементтік оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне орай «Қыран елім – Қазақстан!» атты мерекелік шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқырмандарға Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күнінің тарихи маңызын түсіндіру, еліміздің мемлекеттілігін дәріптеу, отансүйгіштік сезімді қалыптастыру және ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру. Шара барысында қатысушылар Республика күнінің мән-маңызына тоқталып, еліміздің қалыптасу тарихы, мемлекеттік рәміздердің маңызы және ұлттық бірліктің құндылығы туралы ой бөлісті. Сонымен қатар туған жерге деген сүйіспеншілік, ел алдындағы жауапкершілік, қоғамдық келісім мен татулықты сақтау мәселелері қозғалды. Республика күні – елдігімізді айқындап, мемлекеттілігімізді дәріптейтін, ортақ құндылықтарымызды бағалауға үндейтін маңызды мереке. Осындай мәдени-ағартушылық шаралар арқылы оқырмандардың тарихи танымын кеңейтуге, кітапханаға деген қызығушылығын арттыруға және жас ұрпақтың бойында азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік беріледі.
«Қыран елім – Қазақстан!» атты мерекелік шара қатысушылардың туған елге деген құрметін арттырып, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға және ел бірлігін нығайтуға бағытталды.
