Басты бет Ақпарат ағыны Зорлық-зомбылықсыз қоғам – ортақ жауапкершілік

Зорлық-зомбылықсыз қоғам – ортақ жауапкершілік

0
13

Бүгін, 25 қараша күні отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, адам құқықтарын қорғауға және қоғамда қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған халықаралық «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталды. Жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өткізілетін бұл халықаралық науқан зорлық-зомбылықтың барлық түріне қарсы қоғамдық көзқарасты қалыптастыруды, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруды және отбасындағы өзара сыйластық пен жауапкершілік құндылықтарын нығайтуды көздейді. Осыған орай Ұйғыр аудандық Отбасын қолдау орталығы акция аясында ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды жүргізуге бағытталған іс-шараларға қатысады. Негізгі назар отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, қиын жағдайға тап болған азаматтарға қолдау көрсетуге, құқықтық және психологиялық көмек туралы ақпараттандыруға аударылады. Зорлық-зомбылықтың алдын алу – тек жекелеген мекемелердің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әрбір отбасыда мейірім, түсіністік пен құрмет салтанат құруы тиіс. Қауіпсіз қоғам қалыптастыру әр адамның жауапкершілігі мен бейжай қарамауынан басталады.

Әр адам зорлық-зомбылықсыз, қауіпсіз әрі сыйластыққа негізделген өмір сүруге құқылы!

Ұйғыр аудандық Отбасын қолдау орталығы

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн» ха…