Басты бет Ақпарат ағыны Мемлекет басшысы Польша Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Польша Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

0
394

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өзінің атынан Кароль Навроцкийді Польша Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент Қазақстан Польшаны Еуропа Одағы мен Шығыс Еуропадағы маңызды серіктесі деп білетінін және екі ел арасындағы ынтымақтастықтың аясы қарқынды түрде кеңейіп келе жатқанын жоғары бағалайтынын жазған. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында өзара тиімді байланыс келешекте де жетістіктерге толы болатынына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кароль Навроцкийдің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Польша халқына құт-береке тіледі.

t.me/aqorda_resmi

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАР…

          М.Таипов атындағы орта мектебінің мәжіліс залында әсерлі кездесу болды. Осы ауыл…