Басты бет Ақпарат ағыны Конституция Преамбуласының толық жаңартылуы – еліміздің қазіргі даму кезеңіне сай маңызды әрі уақытылы қадам.

Конституция Преамбуласының толық жаңартылуы – еліміздің қазіргі даму кезеңіне сай маңызды әрі уақытылы қадам.

0
64

Жаңа редакцияда Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретіндегі мәртебесінің нақты айқындалуы – адамды, оның өмірі мен құқықтарын ең жоғары құндылық деп танудың айқын дәлелі.

Преамбулада ұлттық құндылықтармен қатар заманауи сын-қатерлердің ескерілуі қоғамның бірлігін нығайтып, мемлекеттің ұзақмерзімді даму бағытын айқындайды. Бұл – тарихи сабақтастықты сақтай отырып, болашаққа сенімді қадам жасау деген сөз.

Мемлекет пен дін арасындағы өзара іс-қимыл нормаларының нақтылануы зайырлылық қағидатын күшейтіп, қоғамдағы тұрақтылық пен өзара құрметті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сондай-ақ билік тармақтарының бөлінуі мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне қатысты нормалардың жаңартылуы құқықтық мемлекеттің институционалдық негізін одан әрі күшейтеді.

Жалпы алғанда, ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер Қазақстанның саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған прогрессивті қадам деп бағалауға болады.

 

Ұйғыр аудандық Аналар кеңесінің төрағасы Г.  Аликеева

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Қауіпті өндірістік нысандарға қойылатын талаптар күшейтіледі

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік және газ қауіпсіздігі…