Басты бет Әлеумет сараптамалық-құқықтық комитеттің құрылуы – заң шығару процесін жаңа сапалық деңгейге көтеретін маңызды институционалдық қадам

сараптамалық-құқықтық комитеттің құрылуы – заң шығару процесін жаңа сапалық деңгейге көтеретін маңызды институционалдық қадам

0
59

Парламент қабырғасында барлық фракция өкілдері тең құқықты негізде қатысатын тұрақты сараптамалық-құқықтық комитеттің құрылуы – заң шығару процесін жаңа сапалық деңгейге көтеретін маңызды институционалдық қадам. Мұндай комитет саяси шешімдерді қабылдау барысында ашықтықты арттырып қана қоймай, өзара тепе-теңдік пен тиімді бақылау тетіктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Комитет жұмысы әртүрлі саяси көзқарастардың ескерілуін қамтамасыз етіп, заң жобаларын жан-жақты, кәсіби және бейтарап тұрғыда сараптауға жол ашады. Бұл фракциялар арасындағы конструктивті диалогты күшейтіп, өзара сенім мен жауапкершілік мәдениетін қалыптастырады. Сонымен қатар, қабылданатын заңдардың сапасы артып, олардың қоғам сұранысына, ұлттық мүддеге және конституциялық қағидаттарға сай болуын қамтамасыз етеді.

Ең бастысы, мұндай құрылым парламенттік демократияны нығайтып, өкілді билікке деген қоғамдық сенімді арттырады. Азаматтар үшін заң шығару процесінің ашық әрі әділ жүргізілуі мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты күшейтіп, саяси тұрақтылық пен ұзақмерзімді дамуға берік негіз қалайды.

 

Қоғамдық келісім даму орталығы КММ Ұйғыр аудандық бөлімінің жетекші сарапшысы Абдимусаева Балауса Маратқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының тізімі 19-дан 31 атауға дейін кеңейтілді

Қазақстанда азаматтардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін әлеуметтік-экономикалық мә…