Бүгін өтіп жатқан Конституциялық комиссия отырысында дәл осы мақсатқа жетуге бағытталған кешенді құқықтық өзгерістер жан-жақты талқыланып, елдің саяси-құқықтық дамуына жаңа серпін беретін шешімдер қарастырылуда.
Атап айтқанда, Конституциялық соттың қайта құрылуы – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тиімді тетігін қалыптастырып, құқық үстемдігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Бұл институттың қайта жаңғыруы әрбір азаматқа өз құқығын тікелей қорғауға мүмкіндік беріп, мемлекеттік шешімдердің Конституция талаптарына толық сәйкес болуын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, саяси партияларды тіркеу талаптарының жеңілдетілуі елдегі саяси бәсекелестікті арттырып, қоғамдық-саяси белсенділіктің жандануына жол ашуда. Бұл өз кезегінде азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін заңды түрде білдіруге жағдай жасайды.
Жалпы алғанда, аталған реформалар мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілігін күшейтуге, басқару жүйесінің ашықтығы мен есептілігін арттыруға бағытталған. Олар билік пен қоғам арасындағы сенімді нығайтып, заң үстемдігіне негізделген, тұрақты әрі әділетті мемлекет құруға берік негіз қалайды.
Нұров Маулен Мұқажанұлы, зейнеткер, ауданның құрметті азаматы
