Басты бет Ата Заң Ұсынылып отырған конституциялық реформа – Қазақстанның құқықтық жүйесін түбегейлі жаңғыртуға бағытталған ауқымды әрі стратегиялық маңызы бар қадам.

Ұсынылып отырған конституциялық реформа – Қазақстанның құқықтық жүйесін түбегейлі жаңғыртуға бағытталған ауқымды әрі стратегиялық маңызы бар қадам.

0
56

Конституция мәтінінің 84 пайызына өзгерістер енгізілуі бұл реформаның формалды емес, мазмұндық және концептуалдық сипатқа ие екенін көрсетеді. Бұл – мемлекеттің қазіргі заман талаптарына бейімделіп, жаңа даму кезеңіне аяқ басқанын айғақтайды.

Сводтық жобаның азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстар негізінде дайындалуы – реформаның ашықтығы мен инклюзивтілігін қамтамасыз ететін маңызды фактор. Мұндай тәсіл Конституцияның шын мәнінде халықтың еркін білдіретін негізгі заң ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді.

Жаңа бөлімдердің енгізілуі, бірқатар бөлімдердің қайта аталуымен қатар, Конституциялық құрылымның логикалық тұрғыдан жетілдірілуі мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Әсіресе, конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қорғау кепілдіктерінің күшейтілуі, Конституциялық соттың рөлінің артуы – құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі маңызды алға жылжу.

Сонымен қатар, бірпалаталы Парламент моделінің енгізілуі, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу тетіктерінің кеңеюі және азаматтық қоғам институттарының белсенді тартылуы – демократиялық процестерді тереңдетуге жол ашады. Бұл өзгерістер билік пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтып, мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілігін арттырады.

Жалпы алғанда, ұсынылып отырған конституциялық жаңашылдықтар Қазақстанның негізгі заңын сапалық жаңа деңгейге көтеріп, елдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына, Әділетті және құқықтық мемлекет қалыптастыруға берік негіз қалайды.

Қоғамдық келісім даму орталығы” КММ Ұйғыр аудандық бөлімінің басшысы А. Құсайынов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Өзгерістер көңілге қонымды

Ата Заңға өзгеріс енгізетін комиссияның үшінші отырысында Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбае…