Басты бет Ақпарат ағыны Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі

Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі

0
22

Ұйғыр ауданында «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету, құқықтық сауаттылықты арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы бағытта аудандық полиция бөлімі, Жастар ресурстық орталығы және білім бөлімі бірлесіп, мектеп оқушылары, жастар және аудан тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырып келеді. Кездесулер барысында заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін білуі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар тұрғындар мен жастарға құқықтық ақпараттар қамтылған ақпараттық материалдар таратылып, заң талаптарын сақтау мен жауапкершілікті түсіндіруге басымдық берілуде. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары заманауи коммуникация құралдары арқылы да жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Шонжы ауылында орналасқан 2 LED экранда «Заң мен тәртіп» бағыты бойынша ақпараттық материалдар тұрақты түрде көрсетіліп, тұрғындардың назарына ұсынылуда. Заңды құрметтеу, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылыққа жол бермеу – қауіпсіз қоғам қалыптастырудың маңызды негізі. Осыған орай ауданда ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Бейбітшілік пен келісім – ақсақал тағылымы

Ұйғыр ауданында қоғамдық келісімді нығайту, ел бірлігі мен татулықты дәріптеу бағытында ағ…