Басты бет Ақпарат ағыны Алматы облысының әкімі жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

Алматы облысының әкімі жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

0
351

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Кеген–Нарынқол» автомобиль жолының жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскесіне барып, құрылыс барысымен танысты.

Жоба аясында ұзындығы 74 шақырым болатын «Кеген–Нарынқол» жолының 0–37 және 37–74 шақырым аралығы орташа жөндеуден өтуде. Мердігер мекеме — «Нұрлы жол – 7» ЖШС, ал техникалық қадағалауды «KZ Стройэксперт» ЖШС жүзеге асыруда. Жобаның жалпы құны — 8,002 млрд теңге.Қазіргі уақытта нысанда 7 мың м³ қиыршық тас дайындалған. 4 шақырым жолда ресайклирлеу жұмыстары жүргізіліп, 2 шақырымда жол жабындысының төменгі қабаты төселді. Құрылысқа 44 техника мен 71 адам жұмылдырылған.

Аймақ басшысы жобаның іске асырылу қарқынына назар аударып, жұмыстарды жеделдетуді және бөлінген қаражатты тиімді игеруді тапсырды. Ол жол сапасының жергілікті тұрғындар үшін аса маңызды екенін атап өтіп, халықпен кездесулерде көтерілген инфрақұрылым мәселелерінің кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлы Абай өлкесіндегі ашық әңгіме: Ерлан Қарин Мемлекет басшысы неге Тәуелсіздік пен Егемендік сөздерін бас әріппен жазатынын түсіндірді

Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық к…