Басты бет Ақпарат ағыны Алматы облысында 87 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды

Алматы облысында 87 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды

0
256

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі елімізде 2005 жылы енгізілді. Бүгінгі күні Қор халықты әлеуметтік қамтамасыз етімен айналысып келеді.  Негізгі бағат халыққа төленетін әлеуметтік төлермдер.

Мәселен, аталмыш қордан  еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем мүгедектігі бойынша бюджет қаражаты есебінен төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады.  Әлеуметтік төлемнің мөлшері соңғы 2 жылда Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген кіріске, сондай-ақ еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесінің, жүйеге қатысу өтілінің және кірісті алмастыру коэффициенттеріне байланысты белгіленеді екен.

Асыраушысынан айырылған отбасы үшінде қор көмек қолы созады. Төлем асырауындағы адам 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі оқу нысаны бойынша оқуды жалғастырған жағдайда 23 жасқа дейін жүзеге асырылады. Алда –жалда жұмысыңыздан айырылып қалған болсаңызда тиісті әлеуметтік төлемге қол жеткізуіге болады.
«Қордан жұмысынан айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушысы Мансап орталығында заңнамаға сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап тағайындалады. Төлем жүйеге қатысу өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға дейін жүзеге асырылады»,-дейді «Алматы облысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалы директорының орынбасары Ерғанат  Абдрахимов.
Сонымен қатар, қор арқылы Қордан жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына байланысты және  бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем төленуі тиіс.
Әлеуметтік төлемдерді дәстүрлі түрде ХҚКО арқылы да, egov.kz, enbek.kz. электронды түрде де, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары немесе Отбасының цифрлық картасының дерекқоры шеңберінде sms-келісім арқылы  да алуға болады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне 6,4 млн-ға жуық жұмыс істейтін азамат қатысады және жыл сайын 1,2 млн. аса адам Қордан әлеуметтік төлемдер алады. 2005 жылдан бастап Қордан жалпы сомасы шамамен 4,2 трлн теңгеге төлемдер төленді, оның ішінде Алматы облысы бойынша 370,6 млрд теңге бөлінді.
2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша шамамен 1,2 млн. адам жалпы сомасы 699,1 млрд. теңгеге Қордан әлеуметтік төлемдер алды, оның ішінде Алматы облысынан Қордан 87 418 адамға 46,2 млрд. теңге әлеуметтік төлемдер төленді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫҢДАРДЫ БАҒЫНДЫРУ БАҚЫТЫ БҰЙЫРҒАЙ…

Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа форматтағы көшбасшыларды іріктеу мен кәсіби…