Басты бет Ақпарат ағыны Ұйғыр ауданында «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өткізілді

Ұйғыр ауданында «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өткізілді

0
30

Ұйғыр ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тұрғындармен ашық диалог орнату және олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау мақсатында «Жолда қабылдау» республикалық акциясына қатысты. Акция аясында полиция қызметкерлері тұрғындарды қабылдап, құқық қорғау органдарының қызметіне қатысты сауалдарына жауап берді. Азаматтар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, өтініштері мен ұсыныстарын жеткізуге мүмкіндік алды. Қойылған сұрақтар бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті құқықтық кеңестер берілді. Сонымен қатар Ұйғыр ауданы полиция бөлімінің ресми Instagram парақшасында тікелей эфир ұйымдастырылды. Эфир барысында әлеуметтік желі қолданушыларының сұрақтарына жауап беріліп, тұрғындарды алаңдатқан мәселелер бойынша түсініктемелер ұсынылды. Бұл формат азаматтардың полиция қызметкерлерімен тікелей байланыс орнатып, өз сауалдарына жедел жауап алуына мүмкіндік берді. «Жолда қабылдау» акциясы – халық пен полиция арасындағы өзара сенімді нығайтуға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық қорғау органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды шара. Мұндай кездесулер тұрғындардың өтініштеріне назар аударуға, өзекті мәселелерді уақытылы анықтауға және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды жетілдіруге ықпал етеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Кітап сыйлау – рухани құндылықты бөлісу!

25 қазан – Республика күніне орай Кіші Дихан ауылдық кітапханасында «Саған кітап арнадым» …