Басты бет Ақпарат ағыны ШЫҢДАРДЫ БАҒЫНДЫРУ БАҚЫТЫ БҰЙЫРҒАЙ…

ШЫҢДАРДЫ БАҒЫНДЫРУ БАҚЫТЫ БҰЙЫРҒАЙ…

0
111

Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа форматтағы көшбасшыларды іріктеу мен кәсіби даярлау жөніндегі “Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы” жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында біздің білім бөлімінің бас маманы  Қарлығаш Тоқтарқанқызы Диқанбай бағдарламаның іріктеу бес кезеңінен өтіп, Астана қаласында арнайы салтанатты жиынға қатысып, сертификатқа ие болды. «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы бойынша республикалық кадр резервіне алынды. Бұл үлкен жеңіс. Бойындағы білімі мен талабын ұштастыра білген Қарлығаш Тоқтарқанқызын республика бойынша 376 үміткердің бірі болып резервке алынған жеңісімен құттықтаймыз. Білім саласындағы өзгерістерге өзіндік үлесін қосатындығына бек сенімдіміз.

«Оқу-ағарту министрлігі білім сапасын арттырудың бес негізгі бағытын айқындады. Оның ішінде тиімді менеджментті дамытуға және кадрлық резервті құруға ерекше басымдық беріледі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз «Өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасын іске қостық – бұл отандық білім беруді дамытудың жаңа кезеңі. Алты ай ішінде сіздер әртүрлі іріктеу кезеңдерінен өтіп, көшбасшылық, кәсіби және басқарушылық дағдыларыңызды жетілдірдіңіздер. Енді сіздердің алдарыңызда отандық білім сапасын арттыруға үлес қосу, ең бастысы, балаларымыз бен педагогтеріміз үшін қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын қамтамасыз ету бойынша үлкен міндет тұр», – деген білім және ғылым министрі Ғани Бейсенбаевтың сөзі Қарлығашқа қанат бітірді.

Айта кету керек, биыл жобаға қатысуға ниет білдірушілер саны өткен жылға қарағанда 2,5 есеге артқан. Жобаның бастапқы кезеңінде барлығы 13 796 өтінім берілген. Іріктеу бес кезең бойынша өтті. Кәсіби және басқарушылық құзыреттерді бағалау бойынша тестілеу, оқу, еліміздің жетекші мектептерінде тағылымдамадан өту, қорытынды бағалау және республикалық комиссиядан әңгімелесуден өту. Үміткерлерді іріктеу және олардың біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды Педагогикалық шеберлік орталығы жүргізді.

Іріктеудің барлық бес кезеңінің қорытындысы бойынша 376 үміткер Республикалық кадр резервіне алынды. Бүгін оларға конкурссыз қызметке тағайындау туралы сертификаттар табыс етілді. Жаңа буынның менеджерлері кадр мәселесін шешуге өз үлесін қосады, сонымен қатар жаңа мектептерді, оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектептерді де басқарады деп күтілуде. 14 мыңға жуық үміткердің ішінен топ жарып шыққан Қарлығаш қызымызға шығармашылық биік шыңдарды бағындыру бақыты бұйырғай деп тіледік.

Баян МАМЫРБАЕВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖЕР – ОРТАҚ ҮЙІМІЗ

«Жер елшілері» креативті жастардың бүкілқазақстандық экологиялық қозғалысы соңғы кезде жаң…