Басты бет Ақпарат ағыны Алматы облысының цифрлық даму әлеуеті: жүйелі трансформация және нақты нәтижелер

Алматы облысының цифрлық даму әлеуеті: жүйелі трансформация және нақты нәтижелер

0
234

Алматы облысы соңғы жылдары цифрлық трансформацияны жүйелі түрде жүзеге асырып, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған заманауи технологияларды белсенді енгізіп келеді. Өңірде цифрлық инфрақұрылымды дамыту, адами капиталды күшейту және инновациялық экожүйе қалыптастыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Өңірлік ІТ-хаб ретінде жұмыс істейтін Alatau Hub бұл бағыттағы маңызды орталыққа айналды. Мұнда 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, 1000-нан астам адам қамтылды. Speaker Talks, воркшоптар, хакатондар мен Pitch Day сынды форматтар жастардың ІТ-саласына деген қызығушылығын арттырып, кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға ықпал етуде.
Соның ішінде  Digital Keruen жобасын айтуға болады. Бұл бастама арқылы  облыстың 7 ауданын қамтып, шалғай елді мекен тұрғындарына арналған дәрістер мен шеберлік сабақтар ұйымдастырылды. Бұл өңірдегі цифрлық сауаттылық деңгейін көтеріп, тұрғындардың жаңа технологияларға қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
Мемлекеттік басқару саласында да цифрлық құралдарды қолдану белсенді дамып келеді. Алматы облысының Цифрлық технологиялар басқармасымен бірлесіп 500-ден астам мемлекеттік қызметкер жасанды интеллект негізіндегі құралдарды (ChatGPT, Gemini, Claude және т.б.) пайдалану бойынша оқытудан өтті. Бұл бастама мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттырып, заманауи шешімдерді күнделікті жұмысқа енгізуге жол ашты.
Сонымен қатар, қолданушының білім деңгейіне бейімделетін, қазақ тілін үйренуге арналған жасанды интеллект элементтері бар чат-бот әзірленіп, барша азаматқа қолжетімді етілді. Бұл құрал тіл үйренуге ниетті адамдар үшін ыңғайлы әрі тиімді платформаға айналып отыр.
Цифрлық экожүйені дамыту аясында технопарк инфрақұрылымы да кеңейіп келеді. Биылғы жартыжылдықта 5 жаңа ІТ-компания тіркеліп, 4 ұйыммен коворкинг кеңістігін пайдалану туралы келісім жасалды. Қонаев қаласындағы колледжбен ынтымақтастық жөніндегі меморандум жаңартылып, кәсіби мамандар даярлау ісі жанданды. Сонымен қатар, 112 адам Astana Hub платформасында онлайн-оқудан өтуде, бұл өңірдің бәсекеге қабілетті кадрлық әлеуетін қалыптастыруға септігін тигізіп отыр.
Жалпы алғанда, Алматы облысы цифрландыру бағытындағы кешенді жобалар арқылы өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, цифрлық технологияларды әлеуметтік, білім беру және басқару салаларына тереңінен енгізіп келеді. Бұл – мемлекеттік басқару тиімділігін арттырып қана қоймай, халықтың цифрлық мәдениетін қалыптастырудағы маңызды қадам.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Антониу Кошта Еуропа Одағы мен Қазақстанның серіктестігі нақты нәтиже беріп отырғанына назар аударды

– Осы аптада Брюссельде визалық режимді жеңілдету жөніндегі келіссөзді бастадық. Бұл уағда…