Жыл бойы тұрғындардан 6502 өтініш түсіп, олардың әрқайсысына толық әрі қанағаттанарлық жауап берілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Әділет департаменті басшысының орынбасары Нұржан Сатубеков баяндады.
Департамент өкілінің айтуынша, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және қадағалау қызметі жоғары деңгейде жүзеге асырылған. Жыл басынан бері 545 өтініш қаралып, 210 заңды тұлға тіркелді, 136 қайта тіркеу рәсімі жүргізілді. Апостиль қою бойынша 323 өтініш қабылданып, қызметтер уақытылы көрсетілді. Сонымен қатар, 14 461 азаматқа мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегі ұсынылды.
Бұдан бөлек, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бағытында 28 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 21 әкімшілік іс қозғалды. Тәркіленген өнімдердің жалпы құны 17,5 миллион теңгеден асып, заңсыз тауар айналымына тосқауыл қойылды.
Спикердің айтуынша, өңірде 250 нотариус пен 449 адвокат қызмет атқарады. Жыл бойы департаментке олардың қызметіне қатысты 100-ден астам өтініш түсіп, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тәртіптік шаралар қолданылды. Сонымен қатар, адвокатура мен нотариат саласында 28 үміткер аттестаттаудан сәтті өтіп, өз кәсібін бастауға мүмкіндік алды.
“Жыл басынан департаментте алимент өндіру мәселесі ерекше назарда болды. Облыста 16 632 алимент ісі қаралып, 4208 борышкерге елден шығуға шектеу қойылды. Сонымен қатар, 11 борышкердің мүлкі анықталып, өндіріп алушылардың пайдасына өткізілді”, – деді Нұржан Сатубеков.
Еске салайық,Алматы облысы Әділет департаменті тұрғындарға құқықтық көмек көрсетуде және аймақта заңдылықты қамтамасыз етуде өз жұмысын белсенді түрде жалғастырып келеді.
Басты бет Ақпарат ағыны Алматы облысы Әділет департаменті жыл басынан 14 мың азаматқа тегін көмек көрсетті
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
«AMANAT»партиясы Ұйғыраудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Болатұлы атқарған жұмыстары туралы есеп берді
«AMANAT» партиясы Ұйғыр аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» пар… -
«Жақсы Адам – 2024»: подвиг молодого героя из Кызылорды
В рамках премии «Жақсы Адам – 2024» был награжден житель города Кызылорда, 25-летний Елиха… -
Жыл қорытындысы: Еліміздің энергетика саласындағы басты жетістіктері мен болашақ даму бағыттары
Еліміздің энергетикалық секторы экономиканың негізгі салаларының бірі саналады. Орнықты да…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
«Жақсы Адам – 2024»: подвиг молодого героя из Кызылорды
В рамках премии «Жақсы Адам – 2024» был награжден житель города Кызылорда, 25-летний Елиха…