Мектеп оқушыларының қатысуымен «Жас эколог» экологиялық акциясы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғауға баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған жерді көркейтуге үлес қосу.
Акция барысында оқушылар мектеп ауласына және белгіленген аумақтарға ағаш көшеттері мен гүлдер отырғызды. Сонымен қатар, бұрын егілген ағаштар мен гүлзарларға күтім жасау жұмыстары жүргізілді. Оқушылар арамшөптерді жұлып, жер қопсытып, көшеттерді суарды. Табиғатты аялау, жасыл желекті көбейту және оны күтіп-баптаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты. Акция нәтижесінде мектеп аумағы көркейіп, оқушылардың экологиялық жауапкершілігі мен табиғатты қорғауға деген қызығушылығы артты.
Қорытынды: «Жас эколог» акциясы өз мақсатына жетіп, қоршаған ортаны қорғау мен көгалдандыру жұмыстарына оқушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік берді.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
1750 метр биіктіктен – сайлауға: Алматы облысында парапланшы сайлау учаскесіне ұшып келді
Қарасай ауданында сайлау күні ерекше оқиғамен есте қалды. Кәсіби парапланшы Ескендір Жүніс… -
Сапарын үзіп, сайлауға қатысты: Алматы облысында жүк көлігінің жүргізушілері дауыс берді
23 тамызда Қалжат ауылдық округіндегі №917 сайлау учаскесіне бір мезетте бірнеше жүк көліг… -
Жаңа шаңырақ иелерінің маңызды күндегі таңдауы
Бүгін Құрылтай сайлауы күні өмірлеріндегі тағы бір қуанышты әрі маңызды оқиғаға қадам басқ…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
1750 метр биіктіктен – сайлауға: Алматы облысында парапланшы сайлау учаскесіне ұшып келді
Қарасай ауданында сайлау күні ерекше оқиғамен есте қалды. Кәсіби парапланшы Ескендір Жүніс…
