0
16

Адал азамат – елге қызмет етудің биік өлшемі

Адалдық – адам бойындағы ең биік адамгершілік қасиеттердің бірі. Ол тек шындықты айту немесе өз міндетін орындаумен шектелмейді. Адалдық – адамның сөзі мен ісінің үйлесуі, өзіне жүктелген жауапкершілікті сезінуі, қоғам мен ел алдындағы міндетіне немқұрайлы қарамауы. Ал мемлекеттік қызмет саласында бұл ұғымның мәні одан әрі тереңдей түседі. Адал азамат – өз пайдасын емес, елдің игілігін бірінші орынға қоятын азамат. Ол қандай қызмет атқарса да, жұмысына жауапкершілікпен қарап, қоғам алдындағы міндетін түсінеді. Мемлекеттік қызметші үшін адалдық – кәсіби ұстаным ғана емес, күнделікті қызметінің негізгі қағидасы. Мемлекеттік қызмет – халықпен тікелей байланыс орнататын маңызды сала. Сондықтан мемлекеттік қызметшінің әрбір әрекеті, әрбір шешімі мен азаматтармен қарым-қатынасы қоғамның мемлекеттік институттарға деген сеніміне әсер етеді. Халықтың мәселесін тыңдау, өтінішіне уақытылы жауап беру, заң талаптарын сақтау, қызметтік міндетін сапалы орындау – мұның барлығы адал қызметтің нақты көрінісі.

Адал қызмет – үлкен жауапкершілік

Мемлекеттік қызметші болу – тек лауазым иелену емес. Бұл – мемлекет атынан жұмыс істеу, халықтың сенімін ақтау және қоғамның дамуына өз үлесін қосу. Нағыз мемлекеттік қызметші өз қызметін жеке мүддесін жүзеге асырудың құралы ретінде емес, елге қызмет етудің мүмкіндігі ретінде қабылдауы тиіс. Оның жұмысындағы басты өлшем – атқарған міндетінің нәтижесі, қабылдаған шешімінің заңдылығы және азаматтардың мәселесіне деген жауапкершілігі. Адал мемлекеттік қызметші үшін қызметтік тәртіп пен заң талаптарын сақтау – міндетті талап. Сонымен қатар ол өз ісіне сын көзбен қарап, кемшілікті жасыруға емес, түзетуге ұмтылады. Себебі мемлекеттік қызметтегі жауапкершілік есеп үшін жасалатын әрекетпен өлшенбейді. Оның нәтижесі халықтың күнделікті өмірінен көрінеді.

Халықпен жұмыс – адалдықтың айнасы

Мемлекеттік қызметшінің кәсіби мәдениеті ең алдымен халықпен қарым-қатынасынан байқалады. Азаматтың мәселесін тыңдай білу, оған түсінікті тілде жауап беру, мәселені кейінге қалдырмай шешу жолдарын қарастыру – қызметтік міндеттің маңызды бөлігі. Әрбір тұрғынның артында белгілі бір мәселе, отбасының жағдайы, үміті мен сенімі тұрады. Сондықтан азаматтың өтінішіне немқұрайды қарау – жай ғана қызметтік салғырттық емес, халықтың мемлекеттік қызметке деген сеніміне әсер ететін фактор. Осы тұрғыдан алғанда, «халыққа қызмет ету» ұғымы нақты әрекеттен басталады. Қызметтік кабинетте қабылданған шешім ауылдағы тұрғынның тұрмысына, әлеуметтік жағдайына немесе белгілі бір мәселенің шешілуіне ықпал етуі мүмкін. Сондықтан әрбір тапсырмаға жауапкершілікпен қарау – адал азаматтың басты қағидасы.

Адалдық – күнделікті таңдаудан көрінеді

Адал азамат болу үшін міндетті түрде үлкен ерлік жасаудың қажеті жоқ. Адалдық күнделікті қарапайым әрекеттерден қалыптасады. Жұмыс уақытын тиімді пайдалану, тапсырманы сапалы орындау, берген уәдеге жауап беру, заң талаптарын бұзбау, қызметтік мүмкіндікті жеке мақсатқа пайдаланбау, әріптеске құрметпен қарау, азаматқа әділ қарым-қатынас жасау – осының барлығы адалдық мәдениетінің құрамдас бөлігі. Мемлекеттік қызметшінің әрбір әрекеті қоғамға үлгі болуы мүмкін. Себебі мемлекеттік қызметші – тек өз мекемесінің қызметкері емес, мемлекеттік басқару жүйесінің өкілі. Сондықтан оның бойында кәсібилікпен қатар парасаттылық, әділдік, жауапкершілік, әдептілік және отаншылдық қасиеттері қатар қалыптасуы маңызды.

Сенім – адал еңбектен қалыптасады

Қоғамдағы сенім бір күнде қалыптаспайды. Ол күн сайынғы нақты іспен қалыптасады. Мемлекеттік қызметші де өз жұмысы арқылы азаматтардың сенімін арттыра алады. Адал еңбек еткен қызметші өз қызметінің нәтижесін сөзбен емес, іспен көрсетеді. Ол тұрғындардың мәселесіне бейжай қарамайды, заң мен тәртіпті басшылыққа алады, қабылдаған шешімінің жауапкершілігін сезінеді. Бүгінгі таңда қоғам мемлекеттік қызметтен ашықтықты, әділдікті, жауапкершілікті және нәтижелілікті күтеді. Бұл талаптар мемлекеттік қызметшінің кәсіби міндетімен қатар, оның азаматтық ұстанымына да тікелей байланысты. Адал азамат – елдің тұрақты дамуына үлес қосатын азамат. Ал адал мемлекеттік қызметші – халықтың сенімін күнделікті еңбегімен ақтайтын тұлға. Мемлекетке қызмет ету – мәртебеден бұрын жауапкершілік. Лауазым – артықшылық емес, міндет. Ал халықтың сенімі – кез келген қызметшінің ең үлкен жауапкершілігі. Сондықтан адалдықты сөз жүзінде ғана дәріптемей, оны күнделікті қызметтің нақты қағидасына айналдыру – әр мемлекеттік қызметшінің ортақ міндеті.

Елге қызмет ету – адалдықтан басталады.

Ұйғыр аудандық ішкі саясат бөлімінің бас мамаеы Сембекқызы Перизат

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Адам құқығы – Конституциялық құндылықтың өзегі

2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1 шілдеден бастап күшіне енг…