Басты бет Ақпарат ағыны Республика күні – елдігімнің белгісі

Республика күні – елдігімнің белгісі

0
14

Ұйғыр аудандық кітапханасының балалар бөлімінде 25 қазан – Республика күніне орай «Республика күні – елдігімнің белгісі» атты патриоттық сағат өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тәрбиелеу және еліміздің тарихына деген қызығушылығын арттыру.

Патриоттық сағат барысында балалар Республика күнінің тарихи маңызы туралы мағлұмат алып, Қазақстанның мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдерімен танысты. Сонымен қатар Отан, туған жер, ел бірлігі мен ұлттық құндылықтар тақырыптарында ой бөлісіп, патриоттық бағыттағы әңгімелерге қатысты.

Шара барысында туған елге деген сүйіспеншіліктің, мемлекеттік рәміздерді құрметтеудің және ел тарихын білудің маңыздылығы атап өтілді. Балаларға Қазақстанның жетістіктерін бағалау, туған жердің қадірін түсіну және ел болашағына жауапкершілікпен қарау әрбір азаматтың міндеті екені түсіндірілді.

Осындай танымдық әрі тәрбиелік мәні бар іс-шаралар жас оқырмандардың дүниетанымын кеңейтіп, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және ұлттық рухты нығайтуға ықпал етеді.

Республика күніне арналған патриоттық сағат балаларды Отанын сүюге, туған жерін құрметтеуге және елдің жарқын болашағына үлес қосуға үндеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қыран елім – Қазақстан!» атты мерекелік шара өтті

Ұйғыр ауданындағы әл-Фараби атындағы аудандық кітапхананың абонементтік оқырмандарға қызме…