Басты бет Ақпарат ағыны «Ұшқыр кеме» тобы – үздік инженерлік шешім иегері!

«Ұшқыр кеме» тобы – үздік инженерлік шешім иегері!

0
26

30 қазан күні облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «STEM HUB» курсы аясындағы «STEM хакатон» байқауында Ұйғыр ауданының педагогтері жоғары нәтиже көрсетіп, аудан мерейін асқақтатты. Аталған байқауда ауданымыздың «Ұшқыр кеме» командасы өздерінің тың идеялары, шығармашылық ізденістері мен инженерлік бағыттағы ұтымды шешімдері арқылы ерекшеленіп, «Үздік инженерлік шешім» номинациясымен марапатталды. Байқаудың басты мақсаты – білім беру саласында заманауи технологияларды тиімді қолдану, педагогтердің инженерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту, STEM білім беру бағытындағы озық тәжірибелерді кеңінен насихаттау. Осындай кәсіби алаңдар мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуына, жаңа идеяларды жүзеге асыруына және білім беру үдерісіне инновациялық тәсілдерді енгізуіне мүмкіндік береді. «Ұшқыр кеме» командасының құрамында И. Молутов (Бахтия) атындағы №3 орта мектебінің мұғалімдері Курбанова Сепиям, Имамзарова Сажидям, Розахунова Нигара, Уйгурова Сахирям және Қырғызсай орта мектебінің мұғалімі Абдумижитов Долқун өнер көрсетті. Педагогтердің бұл жетістігі – кәсіби біліктіліктің, ізденістің, жаңашылдыққа деген ұмтылыстың және бірлескен еңбектің нәтижесі. Бүгінгі білім беру кеңістігінде мұғалімнің тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытып, жаңашыл ойлауына бағыт-бағдар беретін тұлға ретіндегі рөлі ерекше. Осы тұрғыдан алғанда, STEM бағытындағы жобалар мен байқаулардың маңызы зор. Аудан педагогтерінің облыстық деңгейдегі байқауда үздік атануы – білім саласындағы шығармашылық әлеует пен кәсіби дамудың жарқын көрінісі. Бұл жетістік алдағы уақытта да жаңа бастамаларға жол ашып, өзге ұстаздарға шабыт беретіні сөзсіз. «Ұшқыр кеме» командасын лайықты марапатымен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті болып, шығармашылық ізденістеріңіз жаңа жетістіктерге жетелей берсін!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұйғыр аудандық Отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен жастардың отбасылық өмірге саналы түрде дайындалуына бағытталған «Неке алдындағы оқыту» бағдарламасы өткізілді.

Бағдарлама барысында қатысушылар бес маңызды бағыт бойынша пайдалы ақпараттар алып, маманд…