«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Шонжы ауылындағы аудандық мәдениет үйінің еңбек ұжымымен кездесіп, жаңа Конституция жобасын талқылады.
Кездесуде коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның адам құқықтарын қорғауға, әлеуметтік кепілдіктерді сақтауға және еңбек адамдарының мүддесін қорғауға бағытталғанын атап өтті.
«Жаңа Конституцияда әрбір азаматтың лайықты еңбек жағдайына, әділ жалақыға және әлеуметтік қорғауға құқығы бекітілген. Бұл – еңбек адамдары үшін зор кепілдік», – деді коалиция мүшесі Салтанат Ешмұхаметқызы.
Қызметкерлер өз сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Кездесу соңында ұжым өкілдері референдумға белсене қатысатындарын жеткізді.

