Конституция – мемлекеттің саяси-құқықтық құрылымын айқындайтын, қоғам дамуының негізгі бағыттарын белгілейтін және әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін басты құжат. Ол елдің бүгінгі тыныс-тіршілігімен қатар, болашақ даму бағдарын да айқындайды. Осы тұрғыдан алғанда, 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы еліміздің конституциялық дамуындағы маңызды тарихи кезеңнің басталуын білдіреді. Жаңа Ата Заңның қабылдануы – мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті нығайтуға, ел дамуының басым бағыттарын нақтылауға және заманауи талаптарға сай құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Конституция 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне еніп, еліміздің қоғамдық-саяси және құқықтық дамуының жаңа кезеңіне жол ашты. Жаңа Конституцияның мазмұнына зер салсақ, оның басты өзегінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары тұрғанын байқаймыз. Ата Заңның 1-бабында Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екені айқындалып, адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекітілген. Бұл – әрбір азаматтың қадір-қасиетін құрметтеу, оның заңды мүдделерін қорғау және қоғамда әділеттілік қағидаттарын орнықтыру жолындағы маңызды ұстаным. Адам құқықтарын қорғау тек құқықтық нормалармен шектелмейді. Ол күнделікті өмірде заң талаптарының сақталуы, азаматтардың бір-біріне құрметпен қарауы, қоғамдық жауапкершіліктің артуы арқылы жүзеге асады. Сондықтан жаңа Конституцияда белгіленген қағидаттардың мәнін түсіну және оларды қоғамдық санаға орнықтыру – баршамызға ортақ міндет. Ата Заңда айқындалған маңызды бағыттардың бірі – заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету. Заң талаптары баршаға бірдей болғанда ғана қоғамда сенім мен тұрақтылық қалыптасады. Әрбір азамат өз құқығын біліп қана қоймай, өзгенің де құқығы мен бостандығын құрметтеуі тиіс. Құқықтық мәдениеттің жоғары болуы, қоғамдық тәртіпті сақтау және заң алдындағы жауапкершілікті сезіну – өркениетті қоғамның негізгі белгілері. Сонымен қатар жаңа Конституцияда ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға ерекше мән берілген. Қазақстан – түрлі этнос өкілдері ортақ шаңырақ астында өмір сүріп жатқан мемлекет. Сондықтан өзара құрмет, татулық пен ынтымақты сақтау ел тұрақтылығының маңызды негізі болып қала береді. Қоғамдағы бірлік пен келісім мемлекеттің орнықты дамуына, ортақ мақсаттарға жұмылуына мүмкіндік береді. Жаңа Ата Заңда білім, ғылым және инновацияны дамытуға да басымдық берілген. Конституцияның 3-бабында адам капиталын, білімді, ғылымды және инновацияны дамыту мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде белгіленген. Бұл – ел болашағының білімді, бәсекеге қабілетті әрі жаңашыл ұрпақпен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Бүгінгі жаһандану дәуірінде білім мен ғылым кез келген мемлекеттің даму қарқынын айқындайтын негізгі факторлардың біріне айналды. Жас ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасау, ғылыми ізденістерді қолдау, заманауи технологияларды меңгеруге мүмкіндік туғызу – еліміздің зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды міндеттер. Осы тұрғыдан алғанда, білім мен ғылымның конституциялық деңгейде айқындалуының маңызы зор. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау және тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселелері де жаңа Конституцияның негізгі қағидаттары қатарынан орын алған. Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану және туған жердің тазалығын сақтау – әрбір азаматтың азаматтық ұстанымының көрінісі. Бұл бағыттағы құндылықтар «Таза Қазақстан» бастамасымен де үндесіп, қоғамның экологиялық санасын арттыруға негіз болады. Конституцияның тағы бір маңызды қыры – мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау қағидаттарының бекітілуі. Ел тәуелсіздігін сақтау, ұлттық мемлекеттілікті нығайту және тарихи сабақтастықты жалғастыру – барша қазақстандықтарға ортақ жауапкершілік. Ата Заңның кіріспесінде Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығын
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Алматы облысында тұмауға қарсы 160 мың доза вакцина дайындалды
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Вакцинация: денсаулықты қорғау жән… -
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 9 АЙДА 25,2 МЛРД ТЕҢГЕ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ
Алматы облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысы бойын… -
Қарасай ауданы: халық саны өсіп, экономикалық әлеуеті артып келеді
Қарасай ауданы – Алматы облысында халық саны қарқынды өсіп келе жатқан өңірлердің бірі. Со…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫ НЕГІЗІ
Қоғамның тұрақты дамуы мен ел ішіндегі тыныштықты қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бі…

