Басты бет Экономика Қарасай ауданы: халық саны өсіп, экономикалық әлеуеті артып келеді

Қарасай ауданы: халық саны өсіп, экономикалық әлеуеті артып келеді

0
36

Қарасай ауданы – Алматы облысында халық саны қарқынды өсіп келе жатқан өңірлердің бірі. Соңғы он жылда аудан тұрғындарының саны 155 мың адамға немесе 40 пайызға артты. Бүгінде мұнда 386 мың адам тұрады. Халық санының өсуіне Алматы қаласына жақын орналасуы, көлік-логистикалық мүмкіндіктері мен жаңа жұмыс орындарының ашылуы ықпал етуде.

Урбандалу үдерісіне байланысты әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту өзекті болып отыр. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Жасұлан Естенов баяндады.

Экономикаға 803,7 млрд теңге инвестиция тартылды

2023 жылдан бері ауданның негізгі капиталына 803,7 млрд теңге инвестиция тартылды. Осы кезеңде ірі кәсіпорындар мен логистикалық нысандар іске қосылып, 17 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Тек биылдың өзінде 4 775 адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар жалпы құны 130 млрд теңгені құрайтын 20 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Қарасай ауданы облыстағы өнеркәсіп өндірісінің 25 пайызын қамтамасыз етеді. Мұнда 19 ірі және орта кәсіпорын жұмыс істейді. Ал шағын және орта бизнес саласында 33 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, 62 мың адам еңбек етеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 9 АЙДА 25,2 МЛРД ТЕҢГЕ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Алматы облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысы бойын…