2023 жылы «Алматы облысы дін істері басқармасы» ММ-де 2023 жылға электрондық ішкі мемлекеттік аудиттің нәтижелері мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 1767,3 мың теңге көлеміндегі қаржының құжаттары бақыланды.
Нәтижесінде,аудит барысында жалпы сомасы 621,7 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
-Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 4 желтоқсанындағы №95-IV Бюджеттік кодексінің (әрі қарай – Бюджет кодексі) 97-бабы 6-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 001-015-161 «Жергілікті деңгейде дін істер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасынан 2023 жылғы қыркүйек айында іс сапарларға шықпаған қызметкерлерге жалпы сомасы 410,0 мың теңге көлеміндегі бюджет қаражаттары іс сапар шығындары ретінде негізсіз аударылғаны,
— Мекеме тарапынан Бюджет кодексінің 97-бабы 6- тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 005-015-159 «Өңірде діни ахуалды зерделеу және талдау» лекторлық қызмет атқармаған Қарақат Жігердің жеке шотына 211,7 мың теңге көлімендегі қаржылар аударылғаны, — анықталды.
Мемлекеттік аудит объектісімен 621,7 мың теңге қаржыны бюджетке өтеу арқылы қамтамасыз етілуі қажет.
«Алматы облысы дін істері басқармасы» ММ-де анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жаапкершілігін қарау туралы нұсқаманың орындалуы бойынша бюджетке қосымша 588 000 (бес жүз сексен сегіз мың)теңге қайтарылғандығын хабарлайды. Алматы облысының Қонаев қалалық сотының 2023 жылғы 13 қарашадағы №1916-23-00-1/122 үкімімен мекеме басшысы Бауыржан Амангелдіұлы Ниетті Қазақстан РеспубликасыҚылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігінің 2)-тармағымен көзделгенқылмыстық құқық бұзушылықты жасауда кінәлі деп танылған, оған 10 (он) еселенгеннен сомасы мөлшерінде 6 217 436(алты миллион екі жүз он жеті мың төрт жүз отыз алты) теңге 80 тиын көлемінде айыппұл жазасы тағайындалған.
Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті