Басты бет Ақпарат ағыны Ел болашағы – ортақ жауапкершілік

Ел болашағы – ортақ жауапкершілік

0
43

Еліміз үшін маңызды кезеңдердің бірі – Құрылтай депутаттарын сайлау. Бұл – халықтың өз пікірін білдіріп, ел болашағына қатысты таңдау жасайтын жауапты сәт. Сондықтан әр азамат бұл мәселеге бейжай қарамай, өзінің азаматтық ұстанымын білдіруі керек деп ойлаймын. Құрылтай депутаттары – халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, ел ішінде көтеріліп жатқан мәселелерді ортаға салатын азаматтар. Олар халықтың ұсыныстары мен пікірлерін жеткізіп, қоғамның дамуына өз үлесін қоса алады. Сол себепті депутаттарды таңдағанда олардың біліміне, тәжірибесіне, адамгершілігіне және елге деген жанашырлығына назар аударған жөн. Меніңше, елдің дамуы әр азаматтың өзінен басталады. Әр адам өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, айналасына пайдасын тигізуге тырысса, қоғам да алға қарай дамиды. Елдің болашағын тек біреулер жасайды деп күтпей, өзіміз де оған үлес қосуымыз қажет. Сайлау – азаматтың өз таңдауын білдіретін мүмкіндігі. Әрбір берілген дауыс маңызды. Себебі бүгінгі таңдаған азаматтарымыз ертең халықтың атынан сөйлеп, елдің ортақ мәселелерін көтереді. Сондықтан таңдау жасау кезінде асықпай, әр үміткердің елге қандай пайдасы тиетінін ойлаған дұрыс. Біздің еліміз үшін ең басты құндылықтардың бірі – татулық пен бірлік. Қоғамда тұрақтылық болып, адамдар бір-біріне құрметпен қараса, кез келген мәселені бірге шешуге болады. Құрылтай депутаттары да халықтың бірлігін нығайтуға, елдің дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға өз үлесін қосады деп сенемін. Әрқайсымыздың еліміздің болашағына қосар үлесіміз бар. Біріміз адал еңбегімізбен, біріміз жақсы ісімізбен, енді біріміз ел өміріне белсенді араласуымызбен үлес қоса аламыз. Ең бастысы – ел тағдырына немқұрайлы қарамау. Сондықтан Құрылтай депутаттарын сайлау кезінде әр азамат өз таңдауына жауапкершілікпен қарап, елдің ертеңін ойлағаны жөн. Ел болашағы – баршамызға ортақ. Бүгінгі саналы таңдауымыз – ертеңгі жарқын болашаққа бастар қадам.

Ұйғыр аудандық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының филиал меңгерушісі   Киргизбекова Мейір

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

«ТАЗА ТАБИҒАТ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ»🌿

5c59d1c517c74063bf2c91ee16b5cd9f 2026 жылғы 19 тамыз күні «Таза Қазақстан» бағдарламасы ая…