Басты бет Ақпарат ағыны ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ

ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ

0
2,820

        Қазақстан Халқы Ассамблеясының он тоғызыншы сессиясын оның төрағасы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ашты. Онлайн режимде оның жұмысына 600 дей адам қатысты. Олар әр саланың адамдары және ресми тұлғалар. Ассамблеяны құрудағы мақсат – мемлекетіміздің тұтастығын қорғау, сырт көздің пасық ойынан, жаман пиғылды пенделерден сақтау. Достық пен татулықты паш ету. Бұл миссиясын толық орындап отырған Ассамблеяның жұмысына ешкім шәк келтіре қоймас. Елбасымыз Ассамблеяның төрағалығын Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткізді. Оған зор сенім білдірді. Бұл ақылға қонымды шешім деп ойлаймын. «Біз сыйластық пен келісімнің, бауырмалық пен өзара құрметтің негізінде еңселі, өркениетті ел болып отырмыз. Бұл әрине, Елбасының арқасы. Мұны әрдайым есте ұстауымыз керек. Әсіресе, коронавирус дерті қыспаққа алған күрделі кезеңде халқымыздың алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру үшін біз бәріміз бір ел, бір ұлт болып жұмылуымыз керек. Ассамблеяның да алдында жаңа міндеттер тұр. Татулық пен келісім саясатын жалғастырып, дамыта түсу баршамыздың ортақ парызымыз. Себебі бүгінгідей алмағайып заманда кез келген сынаққа төтеп беру үшін бірлігіміз әрдайым бекем болуға тиіс»,– деді Президентіміз Қ.Тоқаев сессияда сөйлеген сөзінде.

     Бірлік болған жерде тірлік те, береке де, байлық та болады. 1мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында өткен сессияда еліміз тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде қол жеткен табыстар сөз болды, жұмыстар сараланды. Тәубе дегеннен басқа айтарымыз жоқ.  Мереке құтты болсын!

Бахтияр АХМЕТОВ,

Сүмбе ауылының имамы

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫҢДАРДЫ БАҒЫНДЫРУ БАҚЫТЫ БҰЙЫРҒАЙ…

Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа форматтағы көшбасшыларды іріктеу мен кәсіби…