Доп додасында 10 команда бақ сынады, деп хабарлайды облыстық AMANAT партиясының баспасөз қызметі.
Қарасай ауданында Алматы облысының барлық деңгейдегі депутаттары арасында футзалдан «AMANAT CUP» чемпионаты өтті. Халық қалаулыларының басын қосқан турнир «AMANAT» партиясының қолдауымен алғашқы рет ұйымдастырылды.
«Барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары мен қызметкерлері, партия филиалдарының өкілдерінен құралған 10 команда бас жүлде үшін бәсекеге түсті. Тартысты ойынның куәсі болдық.Әрбір ойында бәсекелестік жоғары болды.Біріншіден, бұл қатысушылар үшін жұмыстан тыс уақытта пайдалы басқосу мен депутаттар арасында достық қарымқанас орнату болса,екіншіден, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Бұдан бөлек көктемде волейболдан турнир ұйымдастырмақшымыз», – дейді облыстық партия филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев.
Жарыс қорытындысы бойынша, бас жүлдені Қарасай аудандық мәслихат депутаттары жеңді. Екінші орынды Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаттары, ал үшінші орынды Кеген аудандық мәслихат депутаттарынан құралған команда иеленді.
Бұдан бөлек, 5 номинация бойыншаүздікойыншылармарапатталды. Жалпы ойынның қорытындысы бойынша Қарасай аудандық мәслихат депутаты Бекжан Сүнбеков қарсыластар қақпасына 13 гол соғып, турнирдің «Үздік сұрмерген» атанды. Ал 62 жастағы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат төрағасы Бекет Ахметов «Үздік ойыншы» аталымы бойынша марапатталды.
«Әдемі, әсерлі, қызықты ойын болды. Біз өте мықты қарсыластармен бақ сынастық.Ойын командалық рухты көтерді. Чемпионат салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануға шақырады.Депутаттардың өзара ынтымақтастығына ықпал етеді», – дейді Бекет Ахметов.
Сонымен қатар, «Үздік қақпашы» – Райымбек аудандық мәслихаты аппаратының қызметкері Рашид Зординов, «Үздік қорғаушы» – Қарасай аудандықмәслихат депутаты Абылай Зуайда, «Үздік шабуылшы» – Кеген аудандық мәслихаты аппаратының қызметкері Ернұр Сабырбеков болды.