Басты бет Спорт СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

0
1,275

Кіші Диқан ауылында 50 орындық жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. «Алматы облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен 828 195,8 мың теңгеге құрылыс жұмыстарын жүргізген «СП «NEFT» ЖШС-ы жуырда сәні мен салтанаты жарасқан заманауи спорт кешенін халық игілігіне ұсынды. 2022 жылы құрылысы басталған кешеннің жалпы ауданы – 1 509,8 шаршы метр.

Шалғайда жатқан ауыл жастарының  бос уақытын тиімді пайдалануына, саламатты өмір салтын қалыптастыруына зор ықпалын тигізетін кешеннің ашылу салтанатына Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Әбдірахым Нұрлан Ерғалиұлы, аудан әкімі Елеусізова Бота Серікқызы арнайы барды. Жеңіл атлетикадан Кеңес Одағының спорт шебері, рекортcмен Армия Ушуров пен Нұрлан Ерғалиұлы кешеннің лентасын қиды. Әжелеріміз шашу шашып, тойдың көрігін қыздырды.

Келген қонақтар кешеннің ішін аралап, ризашылықтарын білдіріп жатты. Кіші Диқан ауылдық округінің тайлы-тұяғымен жиналып, жаңа ғимаратты тамашалады. Аталмыш спорт кешені жарыстар, жалпы дене шынықтыру дайындығы бойынша, оқу-жаттығу, топтық және жеке сабақтар, күрес және бокс сабақтарын өткізуге арналған. Спорт кешенінің құрамына әмбебап спорт залы, бокс залы, күрес залы, әкімшілік және тұрмыстық мақсаттағы үй-жайлар кіреді. Ғимараттың бірінші қабатында кіру тобы, әмбебап спорт залы, 24 адамға арналған екі киім ауыстыратын бөлме (әйелдер мен ерлер үшін), 6 адамға арналған жаттықтыру залы, медициналық мақсаттағы бөлме, әкімшілік және тұрмыстық залдар көзделген. Екінші қабатта күреспен айналысуға арналған зал, бокспен айналысуға арналған зал, 15 адамға арналған екі киім ауыстыратын бөлме, техникалық залдар, тұрмыстық мақсаттағы бөлмелер орналасқан.

Ауыл ақсақалдары аудан басшыларына осындай ғимарат салып, жастардың спортқа бейімділігін арттыру мақсатындағы игі іске алғыстарын айтып, ақ баталарын берді. Болашақта осы ауылдан небір спорт майталмандары шығып, еліміздің көк туын көкке көтеретін ұландардың қанат қағатындықтарына сенімдерін білдірді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АТ ҮСТІНДЕ АТОЙЛАҒАН ЖІГІТТЕР

Ұлттық спорт дегеніміз – жауынгерлік жаттығу. Бұған көкпар, аударыспақ, теңге ілу, садақ а…