Басты бет Денсаулық ТҰРҒЫНДАР ИГІЛІГІ ҮШІН

ТҰРҒЫНДАР ИГІЛІГІ ҮШІН

0
337

Басы ауырмайтын, балтыры сыздамайтын жан болмайды. Әрине ондай кезде бірден ақ халатты абзал жандардың көмегіне жүгінеміз. Технология дамыған, заманауи қондырғылар көбейген, сырқатты алдын ала анықтаудың сан түрлері шыққан кезеңде өмір сүріп жүрміз. Күні кеше ғана аудан орталығына екі жылжымалы компьютерлі томография көліктері келді. Жапондықтардың соңғы үлгіде жасаған бұл құрылғылары аудан тұрғындарына алдын ала сараптама жасау үшін, онкологиялық аурулардың алдын алу үшін жасалған зор мүмкіндік деп қабылдадық. Арнайы мамандарымен келген көлікті қарсы алу рәсіміне қатыстық.

Көш бастап келген Бақыт Исманұлы алғашқы сөзді алып, «Қазақстан халқына» қоры арқылы бұл аппараттың ерекшеліктерін атап өтті. Шалғай аудан болғандықтан өздеріңізге алғашқылардан болып келіп отырмыз. Осындай жағдай жасаған республикалық онкологиялық орталығының басшылығына, облыс әкімдігіне алғысы шексіз екендігін жеткізді. Маммография мен компьютерлік томография көліктерінің маңайына жиылған көпшілікке ешқандай үрейсіз түсіңіздер, миллиметрлік нәрселерге дейін көрсетеді, кеңес беретін білікті мамандар қастарыңызда болады, – деп ыстық ықыласын ақтарды. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақжол Нұрдәулетұлы мынандай жағымды жаңалықтың аудан тұрғындарына жасалған зор мүмкіндік екендігін айтып, қазақта «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген тәмсілдің мағынасын түсіндіріп, сырқаттардың аз болуын, адамдардың денсаулықтарының мықты болуын тіледі. Аудандық аурухананың бас дәрігері Әлия Ақжолтаева да облыс көлемінде алғашқылардың қатарында біздің ауданға келген томографиялық тексерудің пайдасын айтты. Әсіресе арнайы есепте тұрған, алыс жолға жүре алмайтын тұрғындар үшін жақсылық екендігін жеткізіп, барлықтарыңыз түсесіздер, сараптамаларыңызды аудандық ауруханадан аласыздар, – деп түсініктеме берді. Онкологиялық аурулардың алдын алу үшін жасалған шараның тұрғындар денсаулығын жақсартуға арналғандығын айтты.

Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің алаңында орналасқан көліктер тұрғындарға екі күн бойы ақысыз қызмет көрсетеді. Мүмкіндікті пайдаланып, денсаулықтарыңызды тексертіп алыңыздар.

Аманбике ЖАНЫСБАЙҚЫЗЫ

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр

Алматы облысында АИТВ инфекциясын емдеу бойынша үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Бұл ту…