Басты бет Көкжиек БИЫЛҒЫ КЕҢЕС БҰРЫНҒЫДАН ӨЗГЕШЕ

БИЫЛҒЫ КЕҢЕС БҰРЫНҒЫДАН ӨЗГЕШЕ

0
1,371

24-25 тамыз аралығында елдің 20 өңірі бойынша білім қызметкерлерінің республикалық «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты тамыз кеңесі алғаш рет жаңа форматта өтті. Барлық 20 өңір тақырыптық бағыттарға бөлінді. Кеңесте педагог-тәжірибешілер, сарапшылар, білім және психология саласының мамандары өз тәжірибелерімен бөлісті. Бір мезгілде онлайн режимде кеңеске қатысушылар мектепке дейінгі оқыту, ауыл мектебін дамыту, инклюзивтік және арнайы білім, білім технологиялары, балаларды тең қолдау мүмкіндіктерін құру және жалпы жайлы жағдайлар жасау, мектепте тамақтануды ұйымдастыру, қауіпсіз оқу ортасы және басқа мәселелерді талқылады.

Пленарлық отырыста Премьер-Министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова және оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім саласын дамытудың басымдықтары туралы хабарлама жасады. Министр мырза Ұлттық платформа негізіндегі аттестаттау процесі автоматтандырылғанын атап өтті. Сондай-ақ педагогика және оқыту әдістері бойынша тестілеу алынып тасталғанын айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы әзірленуде екен. Ең қуанышты жаңалық мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға кәсіби мамандарды тарту мақсатында осы жылдың қыркүйек айынан бастап тәрбиешілердің еңбекақысы 30%-ға өсетін болған. Тағы да маңызды шаралардың бірі – жаңа оқу жылында 1,5 миллионға жуық бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету қолға алыныпты.

Есік қаласында өткен біздің өңірлік тамыз кеңесі екі күнге созылды. 24 тамыз күні түстен кейін облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Бесбаева, білім министрлігінен келген өкіл Ақзира Бақтыбайқызы Қасымовалар баяндама жасады. Биылғы оқу жылындағы жаңалықтарымен бөлісті. Өңірдегі үш мектепке «Қазақстан халқына» қорынан материалдық базасын жақсартуға қомақты қаржы бөлінгендігін атап айтты. Оның ішінде біздің Абай атындағы мектеп-гимназиясы да бар. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету айрықша назарға алыныпты. Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарының 90%-ы ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтарына қосылып, лицензияланған күзетпен қамтамасыз етіліп, дабыл түймелерімен жабдықталғандығын естідік.

Сонымен қатар көптеген ұстаздарға әртүрлі марапаттар табыс етілді. Біздің ауданның екі ұстазы Ж. Құдайбергенов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байсеркеева Нұрпия Сатыбалдықызы мен Қалжат орта мектебінің директоры Абдурсулов Махаметжан Якупович Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медаліне ие болды. Құтты болсын айтамыз. Оқу-ағарту министрінің «Құрмет грамотасымен» Білім беруді дамыту-оқу әдістемелік орталығының басшысы Рысмендиева Элмира Насилбекқызы марапатталса, Оқу-ағарту министрінің «Алғыс хатына» И.Искандеров атындағы орта мектебінің химия, биология пәнінің мұғалімі Зульярова Румилям Баратовна ие болды. Алматы облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» Д.Қонаев атындағы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Күлжаһан Накибаева, облыс әкімінің «Алғыс хатымен» Тасқарасу орта мектебі технология пәнінің мұғалімі Турсунова Гозял Алимжановналар марапатталды. Марапаттарыңызбен құттықтаймыз!

Жаңа оқу жылына жаңаша тың күшпен келген мұғалімдер қауымын Білім күнімен құттықтаймыз. Болашақ иелеріне сапалы білім беріп, саналы тәрбиеге баулыған сіздердің еңбектеріңіз ерен. Ең үлкен, ең жауапты салада тер төгіп жүрген Сіздерге шығармашылық табыстар тілейміз. Білімді балаларыңызбен мақтаныңыздар.

Аманбике ЖАНЫСБАЙҚЫЗЫ

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында жаңа инновациялық мектеп ашылды

2024 жылғы 6 қарашада Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық округіне қарасты Өрі…