Басты бет Көкжиек БІЛІМ МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ КӨРІНІСІ

БІЛІМ МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ КӨРІНІСІ

0
20

         А.Розыбакиев атындағы орта мектебінде 5-12 қазан аралығында «Талшыбық» бастауыш сынып пән бірлестігінің апталығы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Кез келген нәрсе бастауыштан бастау алатыны ақиқат. Бастауышта балаға берілген дұрыс сабақ, өнегелі тәрбие оның әрі қарай қалыптасуына бағыт беретіні тағы шындық.

«Талшыбық» апталығы – білім мен шығармашылықтың бірлескен мерекесіндей өтті. Апталықтың басты мақсаты – бастауыш білім беру сапасын арттыру, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және заманауи оқыту әдістерін тиімді қолдану. Апталық барысында ұстаздар ашық және танымдық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырып, оқушылардың білімге деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді қолданды. Апталық болғандықтан бастауыш сынып мұғалімдері әдеттегіден өзгеше қырынан келіп, балалардың көңіл-күйлерін көтеріп, ынталарын арттырып, танымдық дүниелерді көбірек өткізді. Сабақтарда цифрлық ресурстар, интерактивті тапсырмалар, жасанды интеллект элементтері және оқушылардың логикалық ойлауын дамытатын әдіс-тәсілдер қолданылды. Бұл жұмыстар оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, өз ойын еркін жеткізуіне, ізденуіне және алған білімін өмірде қолдануына мүмкіндік берді.

Мұндағы ерекше айта кететін шараларының бірі – «Қалдықтан – қазына» тақырыбындағы шығармашылық күн. Оқушылар керексіз деп тасталған қалдық заттарға екінші өмір сыйлап, түрлі бұйымдар жасап, өздерінің қиялы мен шеберліктерін танытты. Шара табиғатты қорғау, үнемшілдік және жаңашылдық құндылықтарын насихаттады. Сонымен қатар 1-4 сынып оқушылары арасында «Елім менің мақтанышым» атты ән-би байқауы ұйымдастырылды. Жас өнерпаздар ән мен би арқылы Отанға деген сүйіспеншілігін білдіріп, ұлттық өнерді дәріптеді. Байқау оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, олардың өнерге деген қызығушылығын арттырды десек артық айтқандық бола қоймас. Бастауыш сыныптың балалары өздерінің пәктігін, сәбилік еркеліктерін көрсетіп қана қоймай, сабаққа деген құлшыныстарын да танытып, мұғалімдерін қуанышқа бөледі.

«Талшыбық» апталығы – білім, өнер, тәрбие мен шығармашылықты ұштастырған тағылымды шаралардың жиынтығы болды. Әр сыныптағы іс-шара оқушының қабілетін ашып, ұстаздардың кәсіби ізденісін көрсетуге мүмкіндік берді. Апталықтың басты ұстанымы – Құндылық. Кәсібилік. Сапа. Нәтиже болатын. Ол діттеген мақсатына жетті.

Феруза АСАНОВА,

А.Розыбакиев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Что изменилось в образовании за 7 лет?

Зарплаты учителей выросли, а нагрузка снизилась. Усилилась социальная поддержка педагогов.…