Басты бет Ақпарат ағыны Қазақстан экспорттық әлеуетін көтеруге мүмкіндік беретін құжатқа ие болды

Қазақстан экспорттық әлеуетін көтеруге мүмкіндік беретін құжатқа ие болды

0
5,561

Еліміздің барлық аумағы аусыл індетінен таза деген ресми мәртебеге ие болды. Ресми құжатты Халықаралық эпизоотиялық бюросы берген. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Тұрсын Қабдулданов мәлім етті.

 «Елбасы Қазақстан халқына арнаған жолдауында отандық өнімнің экспортын дамыту мәселелеріне ерекше көңіл аударды. Экспорт көлемін ұлғайту тапсырмасын орындау аясында кешенді шараларды жүзеге асыруда. Бүгінгі күні қуанышты хабар Париж қаласынан келді. Онда Халықаралық эпизоотиялық бюросының Бас сессиясында Қазақстанға аусыл індетінен қолайлы аймақ туралы ресми мәртебесінің сертификаты тапсырылды. Соңғы шешім өткен айдың 8-14 арасында Халықаралық эпизоотиялық бюросының тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен облысымыздың 5 аймағында инфекциялық тексерістер жүргізілді. Нәтижесінде бүгінгі күні Қазақстанның барлық аумағы аусыл індетінен таза деген ресми мәртебеге ие болды», — деді ол.

Ал Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов бұл құжат еліміздің экспорттық әлеуетін көтеруге жол ашатындығын айтты.

«Бұл құжат еліміз үшін Халықаралық сауда ұйымына кіретін мемлекеттерге ет және өсімдік өнімдерін экспорттауға жол ашады», — деп түйіндеді сөзін басшы.

BAQ.KZ

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Егіс науқаны – 2025: науқанның белгіленген мерзімде аяқталуы, дақылдарды әртараптандыру және шаруаларды қолдау жүйесіндегі жүйелі өзгерістер

Елімізде 2025 жылғы көктемгі егіс науқаны толық аяқталды. Биылғы егіс жұмыстары диқандар ү…