Жаңа технологиялардың дамуымен қоса келген компьютер қолданудың қажеттілігі салдарынан көбіміз көру қабілетінің нашарлауы мен көз талуына шалдығамыз. Көздің көру қабілетінің нашарлауын алдын алатын және көз ауруларынан айықтыратын бірнеше тәсіл бар. Ол үшін дұрыс тамақтану, көз жаттығулары және түрлі медициналық препараттар қолданылады. Бұған қоса, көбіміз біле бермейтін пайдалы өнім бар.
Көздің көру қабелетін жақсы қалыпта ұстап түру үшін қызғылт суды пайдаланыңыз. Оны дайындау тәсілі көп қиындық туғызбайды: 4 кесе қайнаған ыстық су, 4 шай қасық таңқурай жапырақтары және 1 кесе раушан гүл күлтесі қажет.
Дайындау әдісі:
- Таңқурай жапырақтары мен раушан гүл күлтесін ыстық суға салып, 15 минут тұндырыңыз.
- Суыған қоспаны сүзгіштен өткізіңіз.
- Дайын болған тұнбамен күн сайын көзіңізді шайсаңыз, көру қабілетінің едәуір жақсарғанын байқайсыз.
Қызғылт су құрғақ және тартылған бет терісін жұмсартып, жасартатын қасиетке де ие. Сондықтан оны таңертең және кешке қолдануға болады.
Дайындаған Үміт Жұмаділова