Ұлттық өнерді ұлықтау, дәстүрлі әншілік өнердің маңызын арттыру және көрнекті әнші Жақсылық Мырқаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында Ұйғыр ауданының Шонжы ауылындағы аудандық мәдениет үйінде «Әнмен өрілген ғұмыр» атты дәстүрлі әншілер байқауы ұйымдастырылды. Өнер додасы дәстүрлі ән өнерінің көрнекті өкілі Жақсылық Мырқаевтың рухына тағзым етуге, оның өнердегі өнегелі жолын кейінгі ұрпаққа танытуға арналды. Байқау аясында қатысушылар қазақтың дәстүрлі әндерін орындап, ұлттық музыкалық мұраның байлығын, әншілік өнердің өзіндік ерекшелігін көрсетті. Дәстүрлі ән – халқымыздың рухани қазынасы, ұлттың тарихы мен мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін асыл мұра. Осындай өнер байқаулары жас таланттардың қабілетін шыңдап, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Байқаудың бас жүлдесіне 250 000 теңге көлемінде сыйақы белгіленді. Бұл өнерпаздардың шығармашылық ізденісіне қолдау көрсетіп, дәстүрлі ән өнерінің өрісін кеңейтуге бағытталған маңызды бастама. «Әнмен өрілген ғұмыр» байқауы – ұлттық өнерді дәріптеп, дәстүрлі әншілік мектептің сабақтастығын сақтауға және қазақ ән өнерінің қадір-қасиетін кеңінен танытуға бағытталған тағылымды мәдени шара.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Адам құқығы – мемлекет құндылығының өзегі
Қазақстан Республикасының 2026 жылы қабылданған жаңа Конституциясы елдің құқықтық дамуының… -
ЖАҚСЫЛЫҚ БӨЛЕКШЕ ӘНШІ ЕДІ
1971 жылы болуы керек, иә, сол жылы қыркүйек айының аяқ шенінде балалық шақта өмір табысты… -
БИРЛИККӘ ҚОШУЛҒАН ҮН
Сәнъәтниң тили ортақ. У милләт таллимайду, тил вә чегара билән чәкләнмәйду. Бир сәһнидә я…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
Адам құқығы – мемлекет құндылығының өзегі
Қазақстан Республикасының 2026 жылы қабылданған жаңа Конституциясы елдің құқықтық дамуының…
