Басты бет Көкжиек Абыройды асырған сәт

Абыройды асырған сәт

0
858

№1 Шонжы мектеп-лицейінде білім бөлімінің жылдық жоспарына сай, «Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың шарттары – өскелең ұрпақты, шығармашыл, жауапкершілікті, бәсекеге қабілетті тұлғаға айналдыру»  тақырыбында «Ашық есік»  күні болып өтті. Оған ауданымыздың мектеп директорлары мен орынбасарлары, мұғалімдер, қоғам белсенділері, ата-аналар мен блогерлер қатысты. Ашылу салтанатында сөз алған білім бөлімінің басшысы Мөлдір Құрманалиева мектеп ұжымына зор сенім білдірді.

Әр пән мұғалімі жаңаша леп, тың  идеялармен, шарықтаған шабытпен, білім саласындағы толағай жаңалықтармен бөлісті. Педагогтың үздіксіз тынбай еңбек етуінің қандай қиын да қызық жолдарын паш ететін үлкен іс-шара жүзеге асты. Өткізілген ашық сабақтарға, жобалар мен авторлық бағдарламаларға, оқушылардың  жұмыстарына тәнті болған куәгерлер мектеп ұжымының кәсіби  шеберлігіне  жоғары баға берді. Атап айтсақ математика пәнінің мұғалімі педагог-зерттеуші Зульфия Османова өткізген сабағының функционалдық сауаттылыққа бағытталғанын, нағыз шебер мұғалімге лайықты сабақ көрсете білгенін білім бөлімінің басшысы Мөлдір Құрманалиева, Хайдалова Оксана Феодоровна өткен сабақтағы оқушылардың деңгейінің жоғарылығын, Гульсанам Исмаилованың физика сабағын ағылшын тілінде өз дәрежесінде өткізгендігін Д.Қонаев атындағы орта мектебінің директоры Нұржамал Сүйірбаева, Сұңқар орта мектебінің директоры Бейбіт Алғазиев өз сөздерінде ерекше атап өтті. Гузеля Курбанованың химия пәні бойынша, Радмила Таипова биология пәні бойынша ашық сабақтар өткізді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Асем Альпиева, орыс тілі мен әдебиеті бойынша Венера Валиева, ағылшын тілі бойынша Альбина Сайдуллаева, тарих пәнінен Гульминям Кадырова сабақтарында сабақты зерттеуді көрсетті. Бастауыш сыныптарда сабақ берген Алексей Абрамов, Саяра Таировалар өздерінің педагогтік шеберліктерімен бөлісті.

«Концепция воспитательной работы в школе» тақырыбындағы мектептің жалпы тәрбие жұмыстарын З.М.Мирзахметова, М.Я.Рахметова, С.С.Зайнетдиновтер көрсетсе, Зульфия Османова,  «Спидкубинг – гимнастика ума», Назгуль Ибрагимова «Робототехника в современном мире», Сахидям Зайнетдинова «Юный программист», Камшат Жумагожаева, «Мәтін және мәтін түрлерімен жұмыс», Галия Есенова «Образовательные проекты как средство формирования универсальных учебных действий при изучении английского языка», Рехангуль Масумова «Использование среды почвы», Саяра Ушурова «Развитие осознанного чтения через критическое мышление», Айгуль Мустапаева, Лаура Нургожаевалар пәнаралық сабақтастықпен жұмыс істеп жатқан жобаларымен таныстырды.

Білім бөлімінің әдіскері Панара Атагелдиева, Алия Самигулинаның «Job-a-like» тақырыбында ерекше семинар көрсеткендігін, Нурия Разамова ұйымдастырған дебатын үш тілде жүргізіп, мектеп оқушыларының білімін облыс деңгейінде көрсетіп жүргендігін атап өтті. Халида Палтаева «Организация  исследования в действии – эффективный способ развития критического отношения к собственной педагогической практике» тақырыбында коучинг өткізсе,  Халидям Хевизова жас мұғалімдерге тәлімгерлік жұмыстың жүйелілігін көрсетті.

Үйірме жұмыстары бойынша Султан Зайнетдинов, Насиба Баратова, Рустам Аваковтар шығармашылық бағытта өнерлерін ұсынып, «Ашық есік» күнін өз мәресіне жеткізді.

Керемет көңіл күймен өткен шара мектеп ұжымының бұрыннан қалыптасқан ауызбіршілігі мен еңбекқорлығының арқасында жақсы өтті. Бұл жеңіс – «Кемедегінің жаны бір» демекші, мектептегі әрбір адамның мектеп директоры, орынбасарлары, мұғалімдер мен оқушылар, ата-аналар, сол мектептің тазалығына қарайтын кіші қызметкерлердің адал еңбектерінің нәтижесі деп білеміз. №1 Шонжы мектеп-лицей ұжымына, осы ұжымды басқарып отырған мектеп директоры Мухамеджан Исмаиловқа зор ықыласымызды білдіреміз. Педагогтарды шабыттандырып, абыройын асырып, серпін беріп, осындай керемет бастаманы қолға алып, жігерлендіріп отырған білім бөлімінің басшысы Мөлдір Ахметжанқызы және  аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Эльмира Рысмендиеваға алғыс білдіреміз.

Райхан МЕРГЕНБАЕВА,

№1 Шонжы мектеп-лицейі директорының

бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында жаңа инновациялық мектеп ашылды

2024 жылғы 6 қарашада Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық округіне қарасты Өрі…