Басты бет Ақпарат ағыны Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді

0
128

Мемлекет басшысы Жапонияға ресми сапары барысында Токиодағы Мейджи Джингу синто ғибадатханасына барды.

1920 жылы салынған кешен императорлық киелі орын саналады. Оның аумағында 120 мыңға жуық ағаш пен жасыл желегі бар саябақ орналасқан.

Ғибадатхана түбегейлі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізу арқылы Жапонияны әлемнің дамыған елдерінің біріне айналдырған император Мейджиге арналған.

Кешенмен танысқан соң Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.

«Мейджи Джингу – берекелі бірлік пен ұлттық сана-сезімнің символы. Жапон халқы үшін осы қасиетті ғибадатхананың тарихи мән-маңызы ерекше. Күншығыс елі өсіп-өркендей берсін!» – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

t.me/aqorda_resmi

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Бахар ауылдық округінің тұрғындарымен «Адам құқықтары мен бостандықтары: Жаңа конституцияда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау» тақырыбында кездесу өтті.

Бахар ауылдық округі тұрғындарымен «Адам құқықтары мен бостандықтары: Жаңа конституцияда а…