Басты бет Ақпарат ағыны Халықтық штаб Алматы облысының тұрғындарын АЭС-ке дауы сберуге шақырды

Халықтық штаб Алматы облысының тұрғындарын АЭС-ке дауы сберуге шақырды

0
262

 Өңірдегі ардагерлер қауымы референдумды белсенді қолдайтынын және оның маңызын баршаға түсіндіруге дайын екенін атап өтті.

 Қонаевта Халықтық штаб мүшелері Алматы облысының жұртшылығымен кездесті. Іс-шараға 200-ден астам адам қатысты. Олардың арасында зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар, ардагерлер, дәрігерлер мен педагогтар, сондай-ақ жас белсенділер болды.

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізу туралы бастамасының маңызына назар аударды.

Ол мұндай маңызды мәселе бойынша жалпыұлттық дауыс беру, сөзсіз, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі екенін атап өтті.

Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар да сөз сөйледі. Алматы облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Тұрымбетов өңірдегі ардагерлер қауымы референдумды белсенді қолдайтынын және оның маңызын баршаға түсіндіруге дайын екенін атап өтті. Ол еліміз энергетикалық дағдарысты бастан өткерген 90-шы жылдардағы қиын кезеңдерді еске түсіріп, АЭС қамтамасыз ететін тұрақты энергия болашақ ұрпақ үшін әл-ауқат кепілі болатынын атап өтті.

Осы орайда, медицина ғылымдарының докторы Зинаш Күштекова да қолдау білдірді. Ол қазіргі атом электрстанциялары халықаралық ең қатаң қауіпсіздік стандарттарына сай келетінін және адамдардың денсаулығына қауіп төндірмейтінін атап өтті. Сондай-ақ, ол АЭС-тың радиациялық әсері өте төмен екенін және адам күнделікті өмірде алатын радиацияның 1%-дан азын құрайтынын айтты.

Ал сарапшы Григорий Мерисов АЭС салудың экономикалық пайдасына баса назар аударды. Ол станция көмірқышқыл газы шығарындыларын азайту жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Өз кезегінде, Талғар аудандық Аналар кеңесінің төрағасы Айтжамал Нұрбатырова Қазақстанның көрші елдерге энергетикалық тәуелділігіне алаңдаушылық білдірді. Ол АЭС құрылысы елдің энергетикалық тәуелсіздігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ететінін, бұл әсіресе болашақ ұрпақ үшін маңызды екенін атап өтті.

Кездесу барысында атом энергетикасы – Қазақстанның экономикалық өсімінің, энергетикалық қауіпсіздігінің және орнықты дамуының кілті екені айтылды. Халықтық штаб мүшелері мен Алматы облысы жұртшылығының өкілдері АЭС құрылысына қолдау білдіріп, барша қазақстандықтарды еліміздің жарқын болашағын үшін алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫҢДАРДЫ БАҒЫНДЫРУ БАҚЫТЫ БҰЙЫРҒАЙ…

Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа форматтағы көшбасшыларды іріктеу мен кәсіби…