Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы облыстық өкілдігі имамдар арасында волейболдан жарыс өткізді. Оған біздің ауданның имамдарынан құралған команда қатысып бақ сынасып қайтты. Жарыс Іле ауданы №3 мектебінің спорт залында өтті. Жарыстың шымылдығын Алматы облысы өкілдігінің бас имамы Мадияр Пірімқұлов ашып, әр ауданнан келген сайыпқыран спортшыларға ақ жол тілеп, мықтылар жеңіс тұғырына көтерілсін деген батасын берді. 9 ауданнан жиналған мешіт қызметкерлері, …