Ғ.Садвақасов атындағы Үлкен Ақсу орта мектебінің алды мерекелік көрініске бөленіп, гүлге, ұлттық нақыштағы ою-өрнекпен көмкерілген ғажайып мекенге айналған. Анадайдан менмұналап, ұлттық ою-өрнекпен айшықталып, гүлдермен, шарлармен безендіріліп, үлкен тойдан хабар беріп тұрды. Келген қонақтарды ән-күймен қарсы алған бүлдіршіндер билерін билеп, көктемнің келгенін білдіріп, ұлттық киімдермен шараның беташарын ашты. Аудан әкімінің орынбасары Қадыржан Бағбаев бастаған аудандық ақсақалдар, аналар кеңестерінің төрағалары, ауыл мектептерінің …