Басты бет Кәсіпкерлік Алматы облысы аумағында логистикалық парк ашылмақ

Алматы облысы аумағында логистикалық парк ашылмақ

0
202
Алматы облысы аумағында жалпы құны 70 млрд теңгені құрайтын ауқымды инвестициялық жоба – логистикалық парк ашылады
Алматы облысында жалпы құны 70 миллиард теңгеге жуықтайтынауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. «Focus Logistics» ЖШС облыстың оңтүстік өңірінде логистикалық парк салу бойынша ірі жобаны қолға алды. Оны жүзеге асыру аймақтың логистикалық инфрақұрылымын дамыту үшін жаңа мүмкіндік береді. Жоба аясында 4500-ден астам жаңа жұмыс орны құрылмақ әрі 300 000 шаршы метрден астам қойма алаңы іске қосылады. Жобаның аяқталу мерзімі 2028 жыл деп көрсетілген.
Жобаның бірінші кезеңібойынша шамамен 94 га аумақта «OZON» компаниясына арналған «А» сыныпты қойма құрылысы жүргізілуде. Өткен жылы аталған қойманың іргетасын қалау рәсімі өткізілді. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда.
Аталған логистикалық парктің Үлкен Алматы айналма жолының бойында орналасуы көптеген артықшылықтар береді. Әсіресе, тиімді жұмыс істеуіне көп септігін тигізеді. Бұл стратегиялық орын негізгі магистральдарға оңай қол жеткізуді қамтамасыз етеді әрі басқа аймақтармен және қалалармен жеңіл байланысуға мүмкіндік береді. Осындай ыңғайлы орынның арқасында логистикалық парк тауарларды тасымалдау және таратумен айналысатын компаниялар үшін тиімді орталыққа айналады деп күтілуде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Жеміс-жидек зауыты жұмыс істейді

Алматы облысында жалпы құны 43 миллиард теңге болатын жеміс-жидек зауыты жұмыс істейді Бүг…