Басты бет Ақпарат ағыны «ҚАУІПСІЗ ҮЙ» және “ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП” ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛДІ

«ҚАУІПСІЗ ҮЙ» және “ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП” ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛДІ

0
14

«Қауіпсіз үй» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Ұйғыр ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғындар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ тұрғындардың құқықтық сауаттылығы мен қауіпсіздік мәдениетін арттыру. Профилактикалық жұмыстар барысында тұрғындарға үйдегі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, электр құрылғыларын дұрыс пайдалану, газ жабдықтарын қауіпсіз қолдану және өрттің алдын алу шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, төтенше жағдай туындаған кезде қажетті әрекеттерді орындау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғын үй-жайларда қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді. Полиция қызметкерлері өз кезегінде қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, отбасылық-тұрмыстық жанжалдарға жол бермеу және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осындай бірлескен профилактикалық іс-шаралар тұрғындардың қауіпсіздігін нығайтуға, құқық бұзушылықтар мен өрт оқиғаларының алдын алуға және қоғамда қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

Қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Достық пен бірлік – елдігіміздің берік тірегі

Достық пен бірлік – қоғамның тұрақтылығы мен мемлекеттің өркендеуіне негіз болатын асыл құ…