Басты бет Ақпарат ағыны ТАЗА БЕЙСЕНБІ — ТАЗАЛЫҚҚА БАСТАР ІЗГІ ҚАДАМ 🌿

ТАЗА БЕЙСЕНБІ — ТАЗАЛЫҚҚА БАСТАР ІЗГІ ҚАДАМ 🌿

0
144

Бүгін таңғы сағат 07:00-де аудан аумағында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында кезекті «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.

Тазалық шарасына аудан әкімдігінің қызметкерлері, бөлім және мекеме ұжымдары белсене қатысып, туған жердің тазалығы жолында бірлесе еңбек етті. Сонымен қатар «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» жасы үлкен апалары да ерекше белсенділік танытып, көпшілікке өнеге боларлық үлес қосты.

Акция барысында көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, айналаны абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Осындай игі бастамалар қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға деген жанашырлықты арттыра түсуде.

Тазалық — ортақ іс, ортақ жауапкершілік!
Туған жердің тазалығы — әрбір азаматтың парызы!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

«Мемлекеттік қызметшінің бір күні»

IMG_1238 Таңғы уақыт. Жаңа күн – жаңа міндеттер. Мемлекеттік қызметші үшін әр күн – ел игі…