Мектебімізде «Жаса, жайна, туған өлкем!» челленджі аясында тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор игі шара өтті. Биыл мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектер туған білім ордасына деген ыстық ықыласын білдіріп, мектеп ауласына 20 түп туя ағашын отырғызды.
Бұл бастама — туған жерге деген сүйіспеншіліктің, мектепке деген құрметтің және ұрпақтар сабақтастығының айқын көрінісі. Түлектер өздері білім алған алтын ұя мектебінің гүлденуіне үлес қосып, кейінгі буынға өнегелі іс көрсетті. Игі шараға білім бөлімінің басшысы Жанарбек Жантөреұлы қатысты.
Шара барысында түлектер оқушылармен жүздесіп, мектеп қабырғасындағы ыстық естеліктерімен бөлісті. Ағаш отырғызу арқылы олар табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға және туған өлкені көркейтуге шақырды.
Мектеп ауласында егілген туя ағаштары уақыт өте келе жайқалып өсіп, білім ордасының сәнін келтіріп, түлектердің ыстық ықыласы мен мәңгілік естелігінің белгісі болмақ. Осындай игі шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, туған жерге деген жанашырлықты арттыра түседі.
