
Кейде еліміздегі маңызды бастамалар туралы ойланғанда, бәрі өзімізден басталатынын түсінемін. Құрылтай да мен үшін сол жауапкершілікті сезінетін маңызды кезеңдердің бірі. Әрқайсымыздың ел болашағына деген өз көзқарасымыз, өз үніміз бар. Осындай маңызды уақытта белсенділік таныту – елге деген жанашырлықтың белгісі деп ойлаймын. Біз бәріміз тұрақты, дамыған, берекелі Қазақстанда өмір сүргіміз келеді. Ол үшін тек өзгеден күтпей, әр адам өз азаматтық ұстанымын көрсетіп, қоғам өміріне бейжай қарамауы керек. Меніңше, елдің болашағы үлкен өзгерістерден ғана емес, әрбір азаматтың жауапкершілігінен басталады. Бүгінгі дұрыс қадам – ертеңгі жарқын күннің негізі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Бірлігіміз бекем болып, Қазақстанымыздың дамуына әрқайсымыз өз үлесімізді қоса берейік.
