Алматы облысында өңір әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиында 2025 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы қаралып, профилактикалық шаралардың басым бағыттары мен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мәселелері талқыланды. Мемлекеттік органдар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл мен кешенді тәсілдің нәтижесінде аймақта айтарлықтай оң өзгерістер байқалды. Құқықбұзушылық туралы өтініштер мен хабарламалар саны 35 069-дан 31 029-ға дейін қысқарды …