Басты бет Заң және қоғам ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ

ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ

0
35

Алматы облысының оқу-ағарту және бюджеттік ұйымдары қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігі және «Ұлағат» білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің салалық кәсіподағы, «Алматы облыстық Еңбек инспекциясы бойынша басқармасы», Алматы облыстық білім басқармасы ММ-нің Облыстық әдістемелік орталығы  кызметкерлерінің қатысуымен Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебінің мәжіліс залында құқықтық оқыту семинары өтті. Оған 90 ға жуық адам қатысты. Семинар тізгінін қолына алған Кәрібай Қожағұл ең алдымен қонақтармен таныстырды.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарын қолдану және орындау, аталған кодекске 2025 жылдың 1 қаңтарына  дейін енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндама жасаған «Ұлағат» білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің салалық кәсіподағы РҚБ-нің  заңгері Айгерім Жұмабекқызы бірталай тың дүниелермен таныстырды. Өзіміз кейде мән бере бермейтін ұсақ-түйек деген нәрселердің мағынасын аша түсті. Ол кісіге сұрақтар да көп болды. Кәсіподаққа еңбек дауы туындағанда жүгінетініміз рас. Жеке еңбек дауын қарау тәртібі бойынша «Ұлағат» білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің салалық кәсіподағы РҚБ-нің заңгері Айгерім Сабыржанқызы дәріс оқыды. Екі тараптың жасалған келісімшарты бұрмаланып кейде жұмыс беруші тараптан  кемшіліктер кетіп жатады. Сол сәтте не істеу керектігін тәптіштеп түсіндірді. Білім саласы өте ауқымды болғандықтан еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жайында Алматы облысының Еңбек инспекциясы бойынша басқармасының инспекторы Әли Мейірманұлы біраз мағлұматтарға қанық етті. Оған да келіп түсетін арыз-шағымдардың көбісі жұмыс беруші тарапынан болып тұратындығын және заңдардың белшесінен басылып жататын тұстардың кездесіп тұратындығын жасырмады.Ұжымдық шарт туралы Алматы облысының оқу-ағарту және бюджеттік ұйымдары қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Қайратбек Асылханов баяндады. Ұжымдық шарт жасаған кезде екі тарап та оның мәтінімен толық танысып, келіспейтін жерлерін бірден анықтап алғандары дұрыс екендігін ескертті. Бізде әдетте оқымай қол қоя салады да соңынан білмей қаппын, деп өкініп жататын кездер кездесіп қалады. Сондықтан ұжымдық шарт деген өте маңызды құжат екендігін естеріңізден шығармаңыздар деген тілегімен сөзін қорытындылады.

Педагогтарды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына енгізілген өзгеріс туралы», Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі №72 бұйрығына сай хабарлама жасаған аудандық әдістемелік орталықтың бөлім басшысы Эльмира Рысмендиева мұғалімдердің аттестаттан өтуі өте жауапты шара екендігі, оған дайындықсыз келуге болмайтындығын, оның шарттары мен қағидаларын түсіндірді.

Көптеген сұрақтарға жауап алынды. Семинардың жұмысын жүргізген аудандық кәсіподақ комитеті филиалының төрағасы Кәрібай Ізбасарұлы келген қонақтарға алғысын айтты. Біраз жаңашыл дүниелермен таныстырып, көкейде жүрген көп сұраққа алған жауаптарына ризашылығын білдірді. Семинардың жұмысын жоғары бағалады. Кәсіподақ белсенділері семинардан тың серпінмен шықты.

Баян Мамырбаева

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АДАЛДЫҚ – ДАМУДЫҢ ӨЗЕГІ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ЖАҢА МӘДЕНИЕТІ

Қазақстанның қоғам ретінде дамуы тек экономикалық көрсеткіштермен емес, мемлекеттік басқар…