Басты бет Қазақ елі 7 Мамыр – Ерлік пен Елдік күні!

7 Мамыр – Ерлік пен Елдік күні!

0
448

Аудандық мәдениет үйінде Отан қорғаушылар күніне арналған «Ерлер – жердің қорғаны, ел тұтқасы» атты салтанатты концерттік іс-шара өтті.
⠀
Шара барысында аудан әкімі Бота Серікқызы Елеусізова, Райымбек ауданы бойынша Шекара басқармасының бастығы, полковник Нұртай Тынышбайұлы Сахиев және бірқатар сала ардагерлері мен қызметкерлері құттықтау сөз сөйлеп, марапаттар табысталды.
⠀
Кеш қонақтарына патриоттық әндер мен мазмұнды қойылымдар тарту етіліп, аудан өнерпаздары әскери рухты асқақтатып, көрерменге керемет көңіл-күй сыйлады.
⠀
Отан қорғау – қасиетті борыш!
Батыр бабалардың жолын жалғаған, ел тыныштығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген барша ерлерді шын жүректен құттықтаймыз!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

9 маусым — Қазақстан Республикасы арнайы мақсаттағы бөлімшелері күні құтты болсын!

…