Аудандық кітапхананың оқу залында керемет кеш болды. Оның кереметтегі сол – қазақтың біртуар азаматы, ұлтымыздың мақтанышы, мәдениетіміздің майталманы, руханиятымыздың қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің өміріне арналған «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабының таныстырылымы әрі насихатталуы еді. Оған ұйытқы болған аудандық қоғамдық келісім орталығының жетекшісі Гүлжаһан Әликеева жиналған қауымды жаңа жылдарымен құттықтап, «Кітап оқитын ұрпақ» акциясы аясында қоғам қайраткері, ұлтын сүйген бірегей азамат Өзбекәлі …