Өткен аптаның бейсенбісінде Қарадаланың халқы қасиеті орасан халық әндерінің әуелеген ортасына жиналды. Оның басты себебі – Жақсылық Мырқаевтай өнерлі тұлғасын еске алып, оның өнегелі өмірін ұрпақтың санасында жаңғырту. Жақсылық Мырқаев жер жаннаты Жетісу өңірінің төріндегі киелі Кетпеннің топырағына кіндік қаны тамған, өр жағындағы әйгілі Аспантаудай алып тұлға. Жастайынан қазақтың сазды да сан алуан сиқырлы әуенге толы төл туындыларын тыңдап, ғұмырлы …